Qazaq Geophysics Бас директоры Бекасыл Аукешев пен Kazakhmys Barlau атқарушы директоры Қадыржан Қаулдашев ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының геология саласы, тау-кен, көмір өндіруші және металлургиялық өнеркәсіп Комитетінің геология саласы бойынша қосалқы комитетінің отырысына қатысты.
Жиында KazRC Кодексіндегі пайдалы қазбалардың есебі мен қорын халықаралық стандарттарға көшіру мәселелері қарастырылды, сондай-ақ аталған стандартты жүзеге асырудың Жол картасы мен бағыттар бойынша жеке жұмыс топтарын құру жайы сөз болды.
Геологиялық ұйымдардың өкілдері Кодекс KazRC-ге көшудің Жол картасын дайындау жолдарын талқылап, өз пікірлерін ортаға салды және нақты шешімді қабылдау үшін тағы да кездесетін болды.