Kazakhmys Barlau мен Qazaq Geophysics компаниялары геологтар күнін атап өтуде.
Kazakhmys Barlau мен Qazaq Geophysics ұжымы геологтар күнін биыл Қарағанды облысындағы Көктас-Шарықты далалық учаскесінде атап өтті. Сондай-ақ геология саласының өкілдері кәсіби мерекені Астана мен Жезқазған қалаларындағы Kazakhmys Barlau офистерінде салтанатты түрде атап өтті.
Дәстүрге сай, ең үздік қызметкерлер алғыс хаттар, мақтау грамоталары және арнайы белгілерімен марапатталды. Осылайша, мерекелік күнде 21 қызметкері марапат алды.
Ұжымды кәсіби мерекемен құттықтаған компанияның бас директоры Ғалым Нұржанов: «Геолог – мамандық емес, геолог өмірлік іс. Ұлы мақсат үшін кез келген қиындықіпен бетпе бет кездесіп, оның бәрін жеңіп шығатындардың ісі»,-деп атап өтті.
Kazakhmys Barlau мен Qazaq Geophysics пайдалы қазбаларды барлау және аэрогеофизика/жерүсті геофизикасымен айналысатын Қазақстандағы ең ірі компаниялар. Ұжымда бүгінде 730 маман қызмет етеді. Оладың ішінде 130 геолог, 40 геофизик және 200–ден астам бұрғылау мамандары бар. Әрбірі – өз ісінің шебері. Мұның өзі компаниялардың мақтан ететін ең бағалы құндылығы.
Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және жаңа белестер тілейміз!