Qazaq Gephysics аса ірі салалық көрме – MINEX KAZAKHSTAN-ға қатысты.
Елордада MINEX Kazakhstan-2023 XIII тау-кен геологиялық форумы өтіп жатыр. Бұл жер қойнауын игеру мен аса маңызды пайдалы қазбалардың өндірісін дамытуға бағытталған Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара.
«Ұлттық даму жолында жер қойнауын игеру» шарасы аясында ұйымдастырылған форумның жұмысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан, Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, ҚР ИИДМ Геология комитетінің төрағасы Еран Ақбаров, сондай-ақ әлемнің 30 елінен келген 500-ден астам инвестор, сарапшылар мен пайдалы қазбаның өндірісімен айналысатын компания өкілдері қатысты.
Qazaq Geophysics геофизиктері технологиялық жаңалықтармен, атап айтқанда үздік техникалық мүмкіндіктері бар инновациялармен танысты. Онымен қоса, мамандар салалық бағдарламалық қамтуды зерттеп, осы технологиялардың құрастырушыларымен таныстық орната алды.
Нәтижесінде жаңа, әрі танымды ақпарат алып, пайдалы таныстық орнатты. Сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін саладағы жетекші компаниялармен әріптестік орнату мүмкіндігі туды