Qazaq Geophysics компаниясының канадалық әріптестерімен ынтымақтастығы Қазақстандағы геологиялық барлауды дамыту үшін, инвестиция мен инновациялық технологияларды тарту үшін үлкен әлеуетке ие.
Кездесуде Qazaq Geophysics компаниясының Қадағалау кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов, Бас директор Бекасыл Аукешев пен Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов Қазақстан-Канада қарым-қатынастарын одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Qazaq Geophysics компаниясының Торонтодағы PDAC Халықаралық тау-кен өндірісінің форумына жыл сайынғы қатысуы канадалық компаниялармен тығыз байланыс пен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.
Мәселен, бүгінде Qazaq Geophysics Expert Geophysics Limited, Instrumentation GDD Inc., GemSystem сияқты канадалық компаниялармен ынтымақтасады.
Қазақстанның жер қойнауын пайдалану нарығына канадалық тарап үлкен қызығушылық танытып отыр. Технология туралы айтатын болсақ, канадалық серіктес Expert Geophysics Limited Qazaq Geophysics компаниясымен бірлесіп Австралияда MobileMT әдісі арқылы аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізді және әлемде алғаш рет TargetEM технологиясын Қазақстанда қолданылды. Әріптестер арасында сенім және қойылған міндеттер үшін жеке шешімдер бар.
«Канадалық компаниялармен серіктестік көптеген оң нәтижелер әкелетініне және Қазақстан мен Канаданың геологиялық барлау саласындағы қарым-қатынастарын одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін», – деді Ғалым Нұржанов.