Skip to content Skip to footer

QAZAQ GEOPHYSICS И PALLAS RESOURCES / IVANHOE MINES ОБСУДИЛИ ВОЗМОЖНОСТИ СОТРУДНИЧЕСТВА ПО РЕАЛИЗАЦИИ РЯДА ПРОЕКТОВ В ЦЕНТРАЛЬНОМ КАЗАХСТАНЕ.

Председатель наблюдательного Совета Qazaq Geophysics Галым Нуржанов провел встречу с президентом британской компании Pallas Resources Дэниелом Риклманом.

На встрече стороны обсудили возможности совместного проведения геологоразведочных проектов в Центральном Казахстане.

В рамках сотрудничества предполагается проведение аэрогеофизических и наземных исследований силами Qazaq Geophysics.
Наша компания имеет опыт проведения подобных исследований, обладает передовыми технологиями, а также является единственной в Казахстане и Центральной Азии, обладающая двумя международными сертификатами в области авиационной безопасности: BARS и IAGSA.

На встрече Дэниел Риклман выразил заинтересованность в долгосрочном сотрудничестве. Стороны договорились о проведении дополнительной рабочей встречи, где будут обсуждены детали сотрудничества по исполнению проектов.

Недавно Ivanhoe Mines и Pallas Resources создали совместное предприятие с целью проведения геологоразведочных работ на территории Казахстана, где предполагается выделение 18,7 млн долларов на изучение недр с поэтапным увеличением инвестиций до 115 млн долларов в течение последующих четырех лет.

QAZAQ GEOPHYSICS ПЕН PALLAS RESOURCES / IVANHOE MINES ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ БІРЛЕСЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ.

Qazaq Geophysics бақылау кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов Ұлыбританиялық Pallas Resources компаниясының президенті Дэниел Риклманмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Орталық Қазақстан аумағында геологиялық барлау жобаларын бірлесе жүргізу жолдарын қарастырды.

Ынтымақтастық аясында Qazaq Geophysics компаниясының күшімен аэрогеофизикалық және жерүсті зерттеулерін жүргізу талқыланды. Біздің компания мұндай зерттеулер жүргізуде мол тәжірибеге ие, заманауи технологиялармен жабдықталған және Қазақстан мен Орталық Азияда авиациялық қауіпсіздік саласы бойынша екі халықаралық сертификатқа (BARS және IAGSA) ие жалғыз ұйым.

Дэниел Риклман Qazaq Geophysics компаниясымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Тараптар жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықтың нақты тетіктерін талқылау үшін қосымша жұмыс кездесуін өткізуге уағдаласты.

Жуырда Ivanhoe Mines пен Pallas Resources Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында бірлескен кәсіпорын құрған еді. Бұл жобаны іске асыруға алғашқы кезеңде 18,7 миллион АҚШ доллары бөлініп, алдағы төрт жылдың ішінде инвестиция көлемі кезең-кезеңімен 115 миллион долларға дейін ұлғайтылатынын жариялаған болатын.

Leave a comment