Qazaq Geophysics компаниясының Қадағалау кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі атанды.
Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының Президиумының отырысы өтіп, онда толық мүшелер мен корреспондент мүшелерді сайлау шарасы өтті.
Президиум отырысының нәтижесінде Kazakhmys Barlau компаниясының Бас директоры Ғалым Нұржанов ҚР Минералдық ресурстар академиясының толық мүшесі – академигі болып сайланды. Бұл оның пайдалы қазбаларды игеруге қосқан елеулі үлесі және геология саласындағы айтулы еңбектері үшін берілген құрметті атақ.
Ғалым Нұржановтың барлау саласындағы тәжірибесі зор. Сондай-ақ ол «Жас Геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Qazaq Geophysics» ЖШС Бақылаушы кеңесінің төрағасы, «El Úmiti» бағдарламасы шеңберінде геологиялық барлау бағытында салалық менеджерлер командасының көшбасшысы, А.П.Карпинский атындағы Бүкілресейлік геологиялық ғылыми-зерттеу институтының докторантурасының ғылыми ізденушісі, Түсті және бағалы металдар орталық ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институтының Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі және Ұлытау облысы футбол қауымдастығының Президенті.
Ғалым Нұржановтың ғылыми мақалалары «Региональная геология и металлогения», «Руды и металлы» сияқты халықаралық журналдарда, сондай-ақ көптеген ғылыми қазақ басылымдарында жарияланған.
Минералдық ресурстар академиясы Халықаралық минералдық ресурстар академиясының бөлігі болып табылады, оған Ұлыбритания, Аргентина, Болгария, Вьетнам, Қытай, Сирия, АҚШ пен Эквадор, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Азербайджан, Армения, Белоруссия, Грузия, Түркменістан және Өзбекстан кіреді. ҚР Минералдық ресурстар академиясы қазақстандық ресурстардың байлығы мен минералдық-шикізат кешені саласында жоғары ғылыми-техникалық әлеуеттің болуымен жетекші орын алады.
Қазіргі уақытта Минералдық ғылымдар академиясының құрамында 60 толық мүше, 70 корреспондент мүше, 7 құрметті шетелдік мүше, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының 28 толық мүшесі және Халықаралық минералдық ресурстар академиясының 18 корреспондент мүшесі бар.
Qazaq Geophysics ұжымы Ғалым Жұмабайұлын Galym Nurzhanov құттықтай отыра, ғылыми және кәсіби жетістіктеріне мол табыс тілейді!