Qazaq Geophysics мен SpecTIR (АҚШ) компаниясы әріптестік орнату мәселесін талқылады.
Бүгін Qazaq Geophysics Бақылаушы кеңес төрағасы Ғалым Нұржанов пен Бас директоры Бекасыл Аукешев америкалық SpecTIR компаниясының
вице-президенті Аарон Кумашотпен және халықаралық жобалар менеджері Петри Нигернмен кездесті.
Жиын барысында SpecTIR LLP өкілдері
мультиспектралды түсірілімдер, жүйелерді интеграциялау және деректерді интерпретациялау саласындағы өз қызметтерін таныстырды.
Кездесу кезінде екі тарап Қазақстанда жаңа технологияларды енгізу және еліміз бен ТМД аумағында бірлесіп жұмыс атқару мәселелерін сөз етті.
2022 жылдың қазан айында
Qazaq Geophysics Перт қаласының (Австралия) маңында аэрогеофизикалық жұмыстар жүргізген болатын.
Осы жобаны жүзеге асыру кезінде
SpecTIR компаниясы бізге қызығушылық танытып, шақыруымыз бойынша Қазақстанға келді.