Skip to content Skip to footer

QAZAQ GEOPHYSICS ПРИСТУПАЕТ К МАГНИТОРАЗВЕДОЧНЫМ РАБОТАМ НА МЕСТОРОЖДЕНИИ ХАДЖИКОНГАН

геофизика в Казахстане Qazaq Geophysics

🆕 Компания Qazaq Geophysics начала работы по высокоточной магниторазведочной съёмке на площади Хаджиконган, расположенной в Карагандинской области. Исследования проводятся в пределах проектного контура работ в масштабе 1:10 000 и охватывают территорию площадью 714,6 пог.км.

📌 Целью магниторазведочных работ является создание современной магнитометрической основы для:

  • Геологического картирования площади;
  • Изучения глубинного геологического строения;
  • Выделения перспективных объектов для поисков месторождений полезных ископаемых;
  • Уточнения структурно-тектонической схемы участка работ.

Измерения проводятся с использованием современных магнитометров GSM-19W с датчиками типа Оверхаузера и одновременной GPS-привязкой каждой точки. Применение высокоточных геофизических приборов позволяет получить данные с повышенной достоверностью и разрешающей способностью, необходимой для детального анализа геологических структур.

После завершения полевых измерений, специалисты компании перейдут к этапу полевой обработки и последующей камеральной интерпретации собранных магниторазведочных данных.

📍Полученные результаты станут основой дальнейших геологоразведочных работ на месторождении Хаджиконган.

QAZAQ GEOPHYSICS ҚАЖЫҚОНҒАН КЕН ОРНЫНДА МАГНИТТІК БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

🆕 Qazaq Geophysics компаниясы Қарағанды облысындағы Қажықонған кен орнында жоғары дәлдіктегі магниттік барлау жұмыстарына кірісті. Зерттеу жұмыстары 1:10 000 масштабына сәйкес жобалық контур аясында жүргізілуде. Жалпы көлемі 714,6 пог.км. аумақты қамтиды.

📌 Магнитобарлау жұмыстарының негізгі мақсаты – келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін заманауи магнитометриялық негіз қалыптастыру:

  • Алаңды геологиялық картаға енгізу;
  • Жер қойнауының терең геологиялық құрылымын зерттеу;
  • Пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерін анықтау;
  • Учаскенің құрылымдық-геотектоникалық сызбасын нақтылау.

Өлшеу жұмыстары Оверхаузер типті датчиктермен жабдықталған, жоғары дәлдіктегі GSM-19W магнитометрлерінің көмегімен жүргізілуде. Әрбір өлшеу нүктесінде нақты кеңістіктік координаттар GPS арқылы тіркелген. Заманауи жабдықтарды қолдану жоғары сапалы және сенімді деректерді жинауға мүмкіндік беріп, геологиялық құрылымдарды терең және жан-жақты талдауға жол ашады.

Профильдік өлшеулер аяқталғаннан кейін, компания мамандары далалық деректерді бастапқы өңдеу және кейінгі камералдық талдау жұмыстарын жүргізетін болады.

📍Жиналған мәліметтер Қажықонған кен орнында алдағы уақытта жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарының негізі болмақ.

Leave a comment