Qazaq Geophysics компаниясы алғаш рет пайдалы қазбаларды іздеуде канадалық технологияны қолданды. Қарағанды облысында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарында «Target EM» жаңа аэрогеофизикалық жүйесі сыналды. Бұл күрделі тау қатпарларында мыс пен алтынның перспективалы кен орындарын анықтауға мүмкіндік береді.