Skip to content Skip to footer

Исполнительный директор Ассоциации KAZRC Бекасыл Аукешев выступил на XXVIII сессии Межправительственного совета по разведке, использованию и охране недр в Астане.

С 2016 года Республика Казахстан в лице Ассоциации KAZRC является членом Международного комитета по стандартам публичной отчетности о минеральных ресурсах и запасах (CRIRSCO). Ассоциация активно взаимодействует с международными организациями и открыта к обмену опытом.

«По состоянию на 1 августа т.г. Комитетом геологии принято 260 отчетов KAZRC, подготовленных 96 компетентными лицами при участии 41 ридера.
Что показывают эти цифры?
Во-первых, устойчивый поток отчетов KAZRC – это ключевой индикатор принятия стандарта рынком и регулятором. Во-вторых, расширение корпуса компетентных лиц/QMR и ридерства снижает операционные риски, такие как некорректная классификация ресурсов и запасов или несопоставимость методик. В-третьих, охват CPD – это маркер зрелости и самоподдержки экосистемы», – отметил Бекасыл Аукешев.

Кроме того, он подчеркнул, что сегодня в состав Ассоциации входят 13 организаций, среди которых общественные объединения независимых экспертов и профессиональные организации в сфере недропользования.

«Казахстан – единственная страна Центральной Азии, входящая в CRIRSCO. Ассоциация KAZRC совместно с ПОНЭН активно делится опытом внедрения международных стандартов. На этой основе мы предлагаем объединить усилия дружественных стран и утвердить Ассоциацию KAZRC в качестве регионального хаба по внедрению международных стандартов публичной отчетности, а также создать Единое сообщество компетентных лиц в Центральной Азии», – сказал Бекасыл Аукешев.

KAZRC қауымдастығының атқарушы директоры Бекасыл Аукешев Астанада өткен жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңестің XXVIII сессиясында сөз сөйледі.

2016 жылдан бері Қазақстан Республикасы KAZRC қауымдастығы арқылы минералдық ресурстар мен қорлар туралы жария есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің (CRIRSCO) мүшесі. Қауымдастық халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға әрқашан ашық.

«А.ж. 1 тамыздағы жағдай бойынша Геология комитеті 96 құзіретті маман дайындаған және 41 ридердің қатысуымен жасалған 260 KAZRC есебін қабылдады.
Бұл сандар нені көрсетеді?
Біріншіден, KAZRC есептерінің тұрақты легі – стандарттың нарық пен реттеуші тарапынан қабылданғанының негізгі көрсеткіші.
Екіншіден, құзыретті тұлғалар/QMR және ридерлер корпусының кеңеюі ресурстар мен қорларды дұрыс жіктемеу немесе әдістемелердің салыстырмалы болмауы сияқты операциялық тәуекелдерді азайтады.
Үшіншіден, CPD қамтуы – экожүйенің жетілуі мен өзін-өзі қолдау қабілетінің көрсеткіші», – деді Бекасыл Аукешев.

Сонымен қатар, ол бүгінде Қауымдастық құрамында тәуелсіз сарапшылардың қоғамдық бірлестіктері мен жер қойнауын пайдаланушылар саласындағы кәсіби ұйымдарды қоса алғанда, 13 ұйым бар екенін атап өтті.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы CRIRSCO-ға мүше жалғыз мемлекет. KAZRC қауымдастығы ПОНЭН-мен бірге халықаралық стандарттарды енгізу тәжірибесімен белсенді бөлісіп келеді. Осы негізде біз достас елдердің күш-жігерін біріктіріп, KAZRC қауымдастығын халықаралық жария есептілік стандарттарын енгізу бойынша өңірлік хаб ретінде бекітуді және Орталық Азияда Құзыретті тұлғалардың Бірыңғай қауымдастығын құруды ұсынамыз», – деді Бекасыл Аукешев.

Leave a comment