Skip to content Skip to footer

Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасының ашылуы Алматы облысында Қонаев қаласында өтті

Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасының ашылуы

Бүгін Алматы облысындағы Қонаев қаласындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті.

Шараның ұйымдастырушылары «Kazakhmys Barlau» ЖШС және «Жас геолог» Корпоративтік қоры, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақүрылымдық даму министрлігінің геология комитетінің, Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys корпорациясының, «ERG» ЖШС, Kazzinc» ЖШС қолдауымен.

Олимпиаданың мақсаты – жастарды бағыттау, геологияны ғылымына қызығушылық арттыру, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету, оқушыларды елдегі геоэкология және табиғи қазбаларды қорғау проблемасына назар аударту, сондай-ақ Отансүйгіштікке баулу.

Олимпиадаға Қазақстанның барлық түкпірінен 16 команда мен 200-ден аса бала қатысуда. Олар 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы сынды түрлі дисциплина бойынша білімдерін сынайды. Жеңімпаз командалар грамотама, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Жас геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов:

«Геологияға деген қызығушылық тек ғылым ретінде емес, сондай-ақ экономиканың маңызды саласы ретінде қарастырылып, жас балалар үшін жетістіктерге жетіп, ғылыми жаңалықтар ашуға стимул болуы тиіс. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде өтіп, жылдан жылға жас геологтар санын көбейтуге сеп болады» деді.

Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Утебаев атындағы мұнай және газ Атырау университетің геологиялық мамандықтарына грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.