Бүгін Жезқазғанның қара мысына 50 жыл толды.
1973 жылы 21 ақпанда ауысым шебері Жамбыл Ыбыраев пен аға конвертершы Сұлтанбек Елемесов жаңа өндірістік кәсіпорынның алғашқы өнімі қара мысын берді. Олар дәл осы күні қара мысты бірінші балқытып алғандар ретінде мыс балқыту зауыты тарихында қалды.
Бүгінде мыс балқыту зауыты Ұлытау облысының экономикалық тірегі болып табылады және бүкіл өңір тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. ЖМЗ қабырғасында жүздеген металлургтер мен ондаған еңбек әулеттері берік өмір мектебінен өтті. Қазіргі уақытта Жезқазғанның мыс алыбы – Қазақстанның түсті металлургиясының флагмандарының бірі.
Жезқазған мыс балқыту зауыты әрқашан «Қазақмыс» компаниялар тобының өндірістік авангарды болған және болып қала береді. Бүгінгі таңда кәсіпорында қауіпсіздік техникасы мен жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға баса назар аударылады. Қазіргі уақытта зауытта екі мыңнан астам адам жұмыс істейді-олар қазіргі заманғы металлургия өндірісінің тарихын жазатын және аймақ пен ел өнеркәсібінің дамуына сөзсіз үлес қосатын нағыз жұмысшылар.
ЖМЗ қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіпорынның жарты ғасырлық мерейтойымен құттықтаймыз!
@kazakhmyscorporation