Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университетін “инженер-метеоролог” мамандығы бойынша, гидрометеорологиялық ақпараттық-өлшеу жүйелері және желілік технологиялар мамандығы бойынша, авиациялық-инженерлік жүйелер кафедрасын бітірген. “Phoenix”, “Expert Geophysics Limited”, “GEOSCAN”, “GEM Systems”, “Atlas Copco”, “Trimble”, “Эликом”, “Alpha-Safety”компанияларында оқыды.
Александр Викторовичтің радиоэлектроника саласында 12 жылдық тәжірибесі бар. Өзінің өндірістік қызметін 2011 жылы “Қазгидромет” АҚ компаниясында бастады, онда 2012 жылға дейін аспапшы лауазымында жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап “ҚазРосгеофизика” ЖШС компаниясында инженер-электроншы лауазымында жұмыс істей бастады, 2014 жылы геофизикалық зертхана бастығы лауазымына ауыстырылды. 2015 жылдың маусым айында “Қазгеология” АҚ компаниясында инженер-электроншы лауазымында жұмыс істей бастады.2021 жылы “Qazaq Geophysics (QG)” ЖШС геофизикалық зертханасының басшысы лауазымына “Қазақмыс” тобына қосылды.