Skip to content Skip to footer

Бандалетов Александр Валерьевич

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тау-кен инженері-геофизик мамандығы бойынша 2002 жылы бітірген.

2002 жылдың қыркүйегінен бастап еңбек жолын бастады. Әр жылдары әртүрлі компанияларда жұмыс тәжірибесі бар, олардың арасында:

“ГИС компаниясы”АҚ ҚФ;

WEUS Holding Inc.;

“Везерфорд Қазақстан”;

“Қазгеология” ҰГК ” АҚ;

Еңбек өтілін инженер-геофизик лауазымынан бастап партия бастығына дейін атқарды. Жұмыс барысында Ұңғымаларды каротаждауды, қауіпсіздік техникасын бақылауды жүргізді, өндіріске жаңа геофизикалық аспаптарды, аппаратуралар мен технологияларды енгізді, ҰГЗ бөлімінің геофизикалық жасағын, сондай-ақ геофизикалық жасақты электр барлау, магниттік барлау, гравибарлау әдістерімен геофизикалық зерттеулер жүргізу кезінде басқарды, далалық деректерді бастапқы өңдеумен айналысты.

2021 жылдан бастап “Qazaq Geophysics (QG)” ЖШС компаниясында жетекші геофизик (жасақ бастығы) лауазымында жұмыс істейді.

Еңбек қызметі барысында Қазақстанда да, шетелде де (Румыния, БАӘ) көптеген оқыту курстарынан өтті.