Skip to content Skip to footer

Казахмыс и Colorado School of Mines обсудили перспективы сотрудничества

Председатель Правления ТОО «Корпорация Казахмыс» Нурахмет Нуриев провел встречу с вице-президентом Colorado School of Mines Джоном Бредфордом. В центре обсуждения – три ключевых направления сотрудничества: создание совместной геофизической лаборатории на базе Геологического кластера, открытие филиала Colorado School of Mines в Жезказгане, а также рассмотрение возможности в сфере обмена опытом, профессиональной переподготовки и реализации научных инициатив.

Сегодняшняя встреча стала важной вехой в развитии научного потенциала Казахстана и укреплении международного партнёрства. Инициатива «Казахмыс» по открытию первого в мире филиала Colorado School of Mines за пределами США – это подтверждение амбициозной стратегии компании по созданию новой модели отраслевого образования. Это не просто инвестиция в подготовку кадров, а масштабный шаг к формированию интеллектуального ядра отечественной ГМК, при которых молодые казахстанские специалисты смогут обучаться по лучшим мировым стандартам не покидая родного региона.

Напомним, в декабре 2024 года был подписан меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве между Kazakhmys Barlau и Colorado School of Mines. В рамках меморандума стороны предусматривали обмен опытом, переподготовку кадров, а также совместные научные исследования в рамках приоритетных проектов.

📣 Қазақмыс пен Colorado School of Mines ынтымақтастық болашағын талқылады.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Colorado School of Mines вице-президенті Джон Бредфордпен кездесу өткізді. Кездесуде ынтымақтастықтың үш негізгі бағыты талқыланды: Геологиялық кластер базасында бірлескен геофизикалық зертхана құру, Жезқазғанда Colorado School of Mines филиалын ашу, сондай-ақ тәжірибе алмасу, кәсіби қайта даярлау және ғылыми бастамаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Бүгінгі кездесу Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық серіктестікті нығайтуда маңызды қадам болды. «Қазақмыс» компаниясының алғаш рет АҚШ-тан тыс жерде Colorado School of Mines филиалын ашу бастамасы – салалық білім берудің жаңа үлгісін дамытудағы компанияның өршіл стратегиясының айқын дәлелі. Бұл тек кадр даярлауға салынған инвестиция ғана емес, отандық тау-кен металлургия кешенінің интеллектуалдық негізін қалыптастыруға бағытталған ауқымды қадам. Осының арқасында еліміздің жас мамандары туған жерінен жырақтамай әлемнің үздік стандарттары бойынша білім ала алады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында Kazakhmys Barlau мен Colorado School of Mines арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум аясында тараптар тәжірибе алмасу, кадрларды қайта даярлау, сондай-ақ басым жобалар шеңберінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді қарастырды.

Leave a comment