Skip to content Skip to footer

Маматов Елжас Мақсұтұлы

Елжас 2013 жылы “Семей қаласының геологиялық барлау колледжін” “ПҚК іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері”мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы “Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетін” (РФ) “Геологиялық барлау технологиясы” мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері-геофизик біліктілігін алды.

Елжас өзінің өндірістік тәжірибесін 10 жыл бойы жинақтады. “Тюменьпромгеофизика” ПГО ЖАҚ, “Қазгеология” ҰГК АҚ, Семей қаласының геологиялық барлау колледжінде жұмыс істеді.

2022 жылдың қыркүйегінде – “Qazaq Geophysics (QG)”ЖШС қосылды

Еңбек қызметі барысында біліктілікті арттыру бойынша келесі курстардан өтті:

– “MT, AMT әдісінің деректерін сапалық және сандық түсіндіру; Winglink бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып талдау және модельдеу”;

– “Электр барлау жұмыстарын ұйымдастыру және магнитотеллуриялық және магнитовариациялық зондтау деректерін интерпретациялау”, “Заманауи электромагниттік технологиялар деректерін өңдеу және интерпретациялау”курсы;

– “Geosoft oasis montaj бағдарламалық кешенінің модульдерін оқу”;

– “Геологиялық-геофизикалық деректерді өңдеу, 3D-модельдеу және интерпретациялау бойынша біліктілікті арттыру”

– “Спектрометриялық деректерді түсіндіру бойынша біліктілікті арттыру”

– “КОСКАД 3D” ББ геофизикалық бақылауларды интерпретациялық өңдеу.

Елжас Мақсұтұлы Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің алғыс хатымен(2020ж.), Геология комитетінің Алғыс хатымен марапатталды (2022ж.).