Мерей 2013 жылы “Семей қаласының геологиялық барлау колледжін” “Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің және барлаудың геофизикалық әдістері”мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін “Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау” мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр біліктілігін алды.
Мерей өзінің өндірістік қызметін 2014 жылы “Тюменьпромгеофизика” ЖАҚ-да (РФ) бастап, техник-геофизик қызметін атқарды. 6 жылдан астам уақыт бойы “Қазгеология” ҰГК АҚ жұмыс істеді, онда грави-магниттік барлау деректерін жинауды және өңдеуді орындады.
2021 жылы – “Qazaq Geophysics (QG)” ЖШС қосылды.
Еңбек қызметі барысында геофизикалық деректерді өңдеу, 3D модельдеу және геологиялық – геофизикалық деректерді интерпретациялау, интерпретациялау сияқты тақырыптарды қоса алғанда, геофизикалық деректерді өңдеу бойынша біліктіліктін арттырды.
2017 жылы ҚР Инвестициялар және даму Вице-Министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Қазіргі уақытта кәсіби қызметі аэрогеофизикалық зерттеулерді ұйымдастырумен, сондай-ақ магниттік барлау деректерін өңдеумен және түсіндірумен байланысты.