2008 жылы Артем “Геология, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау” мамандығы бойынша “Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін” бітіріп, “Геофизика”мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
Артем геофизика саласындағы тәжірибесін 10 жылдан астам уақыт бойы жинақтады. Ол “Тюменская геофизическая компания”, Azimut Energy Services, “Қазгеология” ҰГК АҚ сияқты түрлі компаниялар мен ұйымдарда жұмыс істеді. “GAS КСО, “G. A. S S. r.l.”компанияларында Теңіз геофизикалық жұмыстарында жұмыс тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің алғыс хатымен марапатталған (2020ж.). 2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігінен “Жер қойнауын барлаудың үздігі” төсбелгісімен марапатталды (Отличник разведки недр).
2021 жылдың шілдесінен бастап “Qazaq Geophysics (QG)” ЖШС компаниясында тыңғылықты жұмыстар бөлімінің I санатты геофизигі лауазымында жұмыс істейді.
Оқу және еңбек қызметі кезінде геофизика мәселелеріне арналған журналдарда, тақырыптық және ғылыми жинақтарда және кітаптарда әдістемелік құралдардың, ғылыми жұмыстардың жеті басылымының авторлығында болды, сондай-ақ көмірді рентген-радиометриялық талдау және гамма-кванттардың шашырауы бойынша көмірдің күлін анықтау тәсілдерін ойлап табуға арналған екі патенттің авторы болды.
Геологиялық-геофизикалық және спектрометриялық деректерді өңдеу, үш өлшемді модельдеу және интерпретациялау, сондай-ақ заманауи бағдарламалық геологиялық-геофизикалық кешендерді оқыту бойынша біліктілікті арттыру курстарынан үнемі өтіп тұрады.