Қарағанды политехникалық институтын, геофизика кафедрасын “ПҚК іздестіру мен барлаудың геофизикалық әдістері”мамандығы бойынша үздік бітірген. Сергей Николаевичтің геологиялық барлау саласында 30 жылдық тәжірибесі бар.
Өзінің өндірістік қызметін 1995 жылы Азимут компаниясында бастады, онда геофизиктен бастап бас геофизикке дейін 2012 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Компанияда жұмыс істеген уақытында Қазақстанның көптеген объектілерінде кешенді далалық геофизикалық зерттеулер жүргізудің ұйымдастырушысы және жетекші орындаушысы болды.
2012 жылдан бастап “Қазгеология” АҚ-да жұмыс істей бастады, геофизикалық зерттеулерге байланысты түрлі мәселелерге жетекшілік етті. Осы уақыт ішінде ГБЖ тиімділігін арттыру үшін инновациялық геофизикалық технологияларды қолдану мәселелері пысықталды, ГБЖ жобаларында геофизикалық зерттеулер кешендерін жобалау жүзеге асырылды, “Қазгеология” АҚ іске асыратын жобаларда геофизикалық жұмыстарды жүргізуге жетекшілік етілді.
2020 жылдың маусым айында – “Қазақмыс”тобына қосылды.
Еңбек жолында Сергей Николаевич геофизика және геология мәселелеріне арналған журналдарда, тақырыптық және ғылыми жинақтарда және кітаптарда 15-ке жуық ғылыми жұмыстарды бірлесіп жазуға және жариялауға қатысты.
Азимут компаниясында жұмыс істеген уақытында бірнеше рет (2003, 2007, 2009 ж.) “Мамандығы бойынша үздік” атағы дипломына ие болды. 2010 жылы ҚР Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.2016 жылы ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының грамотасымен және “Жер қойнауын барлаудың үздігі” төсбелгісімен марапатталған. (Отличник разведки недр); 2017 жылы – ҚР ИДМ Алғыс хатымен; 2018 жылы – “Жер қойнауының құрметті барлаушысы” төсбелгісімен (Почетный разведчик недр); 2019 жылы-экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.