Skip to content Skip to footer

Присяжнюк Алексей Николаевич

Алексей 2011 жылы “Геодезия және картография” мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

Оның мансабы 10 жылдан астам уақыт бойы картограф инженерінен бастап жетекші геодезистке дейінгі әртүрлі кезеңдерден өтті. Әр жылдары “Қазгеодезия” РМҚК, “Қазгеология “ҰГК” АҚ, “Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)”ЖШС сияқты түрлі ұйымдарда еңбек етті.

2022 жылдан бастап “Qazaq Geophysics (QG)” ЖШС-де жұмыс істейді, онда геофизикалық, геологиялық барлау жұмыстарын геодезиялық қамтамасыз етумен толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, геологиялық қазбаларды шығару, байланыстыру, топографиялық түсірілім, координаттарды түрлендіру, аэрофототүсірілім деректерін өңдеу, шахта қазбаларын 3D сканерлеу, дала бригадаларының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және жұмыстардың орындалу барысын мониторингілеумен айналысады.

Еңбек қызметі барысында біліктілікті арттыру курстарынан өтті, сонын ішінде: GNSS жабдықтар мен БҚ оқу, геодезияда пилотсыз аппараттарды қолдану, аэрофототүсірілім деректерін өңдеу бойынша оқу, Hovermap Autonomy жүйесінің операторы.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің Алғыс хатымен марапатталған.